Әйелдер жүктілік кезінде жыныстық қатынасты жиі қалайды. Бұл туралы психолог Серікгүл Сәли журналист Әсел Ергешқызының Youtube видео-порталындағы «Jabyk takyryp» жобасына берген сұхбатында айтты.
Ең қызығы әйелдердің 60-70 пайызға жуығы жыныстық қатысты көбірек қалайды екен.
«Барлық жағдайда жүкті әйелдердің жыныстық белсенділігі жоғары болады. Дәрігерлер де түсіндіріп айтады. Әсіресе, бала жатырға біткеннен кейін өсу процесі қалыптаса бастала салысымен қан айналы жақсарады. Сонымен байланыстырады», – дейді Серікгүл Сәли.