Жаңалықтар 11.07.2019 сағат 16:02

Туфли сатып алған: лотореядан 470 млн теңге ұтқан әйел ауруxанадағы жұмысын қайта жалғастырды

Рут Брин 2014 жылы лотереядан 1 миллион фунт (479 млн теңгеден аса) ұтып алған. Сол кезде ол 35 жаста болған екен. Әйел телефонына келген ұтыс туралы хабарламаны ашып оқығанда, қатты қуанғанын айтады.
Туфли сатып алған: лотореядан 470 млн теңге ұтқан әйел ауруxанадағы жұмысын қайта жалғастырды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ұлыбританияда лотереядан қомақты қаржы ұтып алған әйел өмірінің айтарлықтай өзгермегенін айтты.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Record басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Рут Брин 2014 жылы лотереядан 1 миллион фунт (479 млн теңгеден аса) ұтып алған. Сол кезде ол 35 жаста болған екен. Әйел телефонына келген ұтыс туралы хабарламаны ашып оқығанда, қатты қуанғанын айтады. 

Брин ұтыстан иеленген ақшаға, бірінші кезекте, жаңа киім мен аяқ киім сатып алыпты. Ол Jimmy Choo брендінің қымбат туфлиін көптен бері армандап жүрген екен. Сондықтан арманы орындалған кезде, қуанышында шек болмаған. 

Мұнан кейін әйел 11 жастағы қызын жекеменшік мектепке беріп, ауруханадағы акушерлік жұмысының уақытын аздап қысқартқан. Алайда ол жұмыстан шығу туралы ойламапты. 

«Иә, миллион дегенің – үлкен сома. Алайда 35 жаста зейнетке шығу үшін, бұл ақша жеткіліксіз», - дейді Брин.

Сонымен қатар ол әлі күнге дейін лотерея билеттерін сатып алып, тағы да үлкен ұтысқа кенелетінінен үміттенеді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар