Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев келгеннен кейін жезөкшелердің қызметі қымбаттап кетті. Бұл туралы ақпарат«Страшный жүз» telegram-арнасында жарияланды.
«Алматыда Сағынтаев келгелі жезөкшелердің қызметі 3 мыңнан 5 мың теңгеге дейін қымбаттап кетті. Мегополистің ішкі жалпы өнімін осылай көтеру керек. Рахмет,аға!», – деп жазылған.
Еске сала кетейік, Алматы қаласына әкім боп тағайындалған уақытта Бақытжан Сағынтаев Сейфуллин даңғылын жезөкшелерден тазалауды тапсырған еді. Кейін рейдтік шара барысында 50-ден астам жеңіл жүрісті қыздың ұсталғаны хабарланды.