$ 446.49  475.38  4.79

Перзентханадан бала ұрлаған әйел ұсталды (ВИДЕО)

Облыстық перинаталды орталықта босанған келіншек өзге біреудің жаңадан туған сәбиін сатпақ болған. Ол мекемеден құндақтаулы сәбиді жасырын алып шыққан. Қылмысы бейнебақылау камерасы арқылы әшкере болды.

Таразда облыстық перзентханадан сәби ұрланғанын хабарлаған едік. Полицейлер қылмыстың ізін суытпай 22 жастағы күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды «КТК» арнасы.

Облыстық перинаталды орталықта босанған келіншек өзге біреудің жаңадан туған сәбиін сатпақ болған. Ол мекемеден құндақтаулы сәбиді жасырын алып шыққан. Қылмысы бейнебақылау камерасы арқылы әшкере болды.

8 шілде күні 30 жастағы келіншек сәбиін мейірбикеге қалдырып, түскі ас ішуге кетеді. Ұры осы сәтті ұтымды пайдаланған. Баланың анасы палатадағы бос кереуетті көріп дабыл қағады.

«Жанымда жатқан әйелдің жағдайын сұраймын деп кірген. Медицина қызметкерлері баланы тербетіп тұрған ғой. Тербетіп жүрген кезде телефон шырылдайды. Телефонмен сөйлесіп жатқан сәтін  пайдаланып алып кетіп отыр», - деді Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының бас акушері Сәуле Әлжанова.

Дәрігерлердің айтуынша, сәбиді ұрлаған 22 жастағы келіншек маусым айында дәл осы орталықта кесір тілігінің көмегімен қыз баланы дүниеге әкелген. Тиісті ем-домын алған соң 5 шілдеде үйіне жіберілген. Алайда 3 тәуліктен соң медицина қызметкерлері кіретін есіктен баланы сыртқа алып шығып отыр.

«Ішкі бақылау камераларының арқасында күдікті анықталды. Нәресте анасына қайтарылды. Қазіргі таңда нәрестенің жағдайы жаман емес. Өміріне қауіп жоқ», - деді Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Хамит Мырзақасымов.

Күдікті 3 шілдеде туылған қыз баланы қонақүйде асырап алушыға беру сәтінде қолға түсті. Бір анығы - баланы сатып алмақ болған отбасы Алматыдан.

Күдіктінің кінәсі толық дәлелденсе 10 жыл арқалауы мүмкін. Қазір емізулі сәбиі болғаны үшін бұлтартпау шарасы тағайындалды. 22 жастағы келіншек бұған дейін істі болып, дау медиация арқылы шешіліпті. Осы жайттан соң облыстық денсаулық сақтау басқармасы ішкі тексеру жүргізді. Ісіне салғырт қарағаны үшін перзентхананың 2 бөлім меңгерушісі қатаң сөгіс алса, 4 қызметкер жұмыстан босатылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары