$ 444.22  476.38  4.82

Атырау облысында жол апатынан 49 жастағы әйел қайтыс болды

Жол-көлік оқиғасы Қаракөл ауылы мен Қызылқоға ауданының орталығы Миялы ауылының аралығындағы жолда болған.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Атырау облысында 49 жастағы әйел жазық даладағы жолда қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Жол-көлік оқиғасы Қаракөл ауылы мен Қызылқоға ауданының орталығы Миялы ауылының аралығындағы жолда болған. Lada Granta көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, соның салдарынан автокөлік аударылды. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 49 жастағы әйел сол жерде қаза тапты. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Автор: А. Соколов

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Kaspikz