$ 443.85  474.3  4.8

«Шелекке дәретке отырамыз»: Қазақ әйел қытай лагерінде көрген қорлығын айтып берді

Гүлзира Әуелханқызы 2017 жылдың 16 шілдесінде ықтиярхатпен Қытайға өткен. Сол жақта тұрған 15 ай ішінде туыстармен көріскенде қолына кісен салынып, қытайша тіл үйренуге мәжбүр болғанын айтады.

Белгілі басылымдардың мәліметінше, дәл қазір Қытай жүз мыңдаған, кей деректер бойынша одан да көп мұсылманды түзету лагерінде ұстап отыр. Лагерьдегі азаматтар арасында қазақтар да бар. Солардың бірі 39 жастағы Гүлзира Әуелхан басынан өткен жағдайды баяндап, бостандықты аңсап жүрген отандастардың әлі де көп екенін жеткізді, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі «Талпын жастар» Алматы тобының видеосына сілтеме жасап.

Гүлзира Әуелханқызы 2017 жылдың 16 шілдесінде ықтиярхатпен Қытайға өткен. Сол жақта тұрған 15 ай ішінде туыстармен көріскенде қолына кісен салынып, қытайша тіл үйренуге мәжбүр болғанын айтады. 

«Әрі-бері қозғалатын болсақ, сақшылардың рұқсатымен ғана жүреміз. Қолымызға кісен салып тұрғызып қояды. Одан кейін дәретханаға тек екі минут көлемінде отырғызады. Ал ол жерде 50 әйел кезекте тұрады. Екі минуттан артық отырып қойсақ, басымыздан көк таяқпен ұрады. Жатақта шелекке дәретке отырамыз. Тоқпен ұрып талдырған кездер де болды. Аяғы жоқ кемпірлер мен сөйлей алмай қалған мақау қыздар да бар. Олардың арасында жынды болып кеткендері қаншама?!» - деп күрсінді әйел. 

Әрі қарай Гүлзира Әуелханқызы түнгі уақытта әйелдерді жатқан жерінен басына қап кигізіп, белгісіз жаққа алып кететінін айтты. Айтуынша, бұл әйелдер қайтып келмейді. 

«Мен ең көбі 68 ұйғырмен бірге тұрдым. Ең аз дегенде 12 әйелмен бірге жаттым. Сонда жатақтың үлкен-кішісіне қарай 20-33-тен жаттық. Сол кезде түнде қыздар мен әйелдерді басына қап кигізіп, белгісіз жаққа алып кетіп жатты. Қайда әкететінін білмеймін. Арасында күйеуі жоқ, ажырасқан, тіпті, той жасамағандар да бар.

Қалпақ кигізіп, қолына кісен салады. Содан қайтып келген емес. Лагерьде артық сөйлеуге болмайды. Бір-бірімізбен әңгіме айтуға да болмайды. Тамақ жағына келетін болсақ, таңертең қарай шай, түсте күріш жейміз. Кешке де қара шай ішеміз. Кейде арзан шөп-шалаңды қайнатып береді. Белгісіз тамақтарды да жеп жатамыз», - дейді ол. 

Сондай-ақ, 39 жастағы әйел етеккірі келмеу үшін дәрі салатынын айтты. Мұнымен қатар, осы лагерьде болғаннан кейін бала көтере алмай қалғандардың болғанын жасырмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары