Атырау облысында 49 жастағы әйел жазық даладағы жолда қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жол-көлік оқиғасы Қаракөл ауылы мен Қызылқоға ауданының орталығы Миялы ауылының аралығындағы жолда болған. Lada Granta көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, соның салдарынан автокөлік аударылды.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 49 жастағы әйел сол жерде қаза тапты. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Автор: А. Соколов