$ 498.34  519.72  4.85

Нұр-Сұлтанда 13 жасар бала добын алу үшін шарбаққа шығамын деп тоққа түсті (ВИДЕО)

Жасөспірім құлап, «клиникалық өлім» халіне түсті. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем дәрігерлері шұғыл медициналық көмек көрсетіп, соның арқасында бала есін жиған.
Фото: Tengrinews
Фото: Tengrinews

Нұр-Сұлтанда ойын алаңында жүрген 13 жасар баланы тоқ соқты. Оқиға 12 шілдеде Сарыарқа ауданында Конституция көшесінде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бала добын алу үшін шарбаққа мінгенде, жабық футбол алаңының үстінен өткен электр желісіне тиіп кеткен. Жасөспірім құлап, «клиникалық өлім» халіне түсті. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем дәрігерлері шұғыл медициналық көмек көрсетіп, соның арқасында бала есін жиған», - делінген Instagram-дағы Astanovka98 парақшасында.

Қалалық полиция департаменті оқиғаның мән-жайының анықталып жатқанын хабарлады.

«12 шілдеде сағат 18.00-де қалалық балалар ауруханасына түрлі жарақатпен кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілген. 13 жасар бала Конституция көшесінің бойындағы ойын алаңында (футбол алаңы) денесін жарақаттап алған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды, соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары