$ 447.4  477.55  4.76

Еліміздің басым аумағында ауа-райы құбылмалы болады

Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон сілемдерінің ықпалымен күн ашық болады, кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды Казгидромет.

Синоптиктердің болжамы бойынша, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел күшейеді, шығыста бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Павлодар, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел күшейіп, 15-20 м/с-қа жетеді, бұршақ түсуі мүмкін.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, кей жерлерде Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында аптап ыстық болады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысының кей жерлерінде, солтүстік-батысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Таяудағы тәуліктерде республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы тау өзендерінде су бетінің құбылуы байқалады. Іле өзенінде Қапшағай су қоймасына ағын көлемі төмендейді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары