Ғалымдар бүгінде әйел адамдар осыдан 50 жыл бұрынғы деректермен салыстырғанда, эротикалық түсті үш есе артық көретінін дәлелдеді. Мұндай зерттеу Psychology & Sexuality журналында жарияланған деп хабарлайды med.vesti.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Зерттеушілер 3000-нан астам адамның арасында онлайн cауалнама жүргізген.
Оның нәтижесі бойынша адамдардың 83%-дан астамы түс көретіні, ал 47%-ы эротикалық түс көретіні анықталған.
Осылайша олар әйелдердің 16%-ы мен ер адамдардың 21%-ы эротикалық түс көретініне көз жеткізген.
«Әйелдер осыдан 50 жыл бұрынғы деректермен салыстырғанда, жыныстық қатынас жайлы көп айтатын болған. Сәйкесінше нәзік жандылардың эротикалық түс көру көрсеткіші бүгінде үш есеге артқан», - дейді олар.