$ 498.34  519.72  4.85

«Соғыс ойыншығы атандық»: Сириядан оралған түркістандық әйел 2 бірдей күйеуінен қалай айрылғанын айтты

Түркістан облысының тұрғыны Айгүлдің күйеуі Қазығұрт ауданында мұғалім болып жұмыс істеген.

Жақсы өмірді аңсап Сирияға аттанған әйелдер соғыс ортасына түсіп, жақындарынан айырылды. Баласын, екі күйеуін бірдей жоғалтқан қазақстандықтар оқиғаларымен бөлісіп, қандай жағдайларға тап болғанын айтып берді. Бұл туралы "Еуразия Бірінші" арнасына сілтеме жасап, Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Түркістан облысының тұрғыны Айгүлдің күйеуі Қазығұрт ауданында мұғалім болып жұмыс істеген. 2015 жылы Сирияға көшпей тұрып, ол сол елде жағдай жақсаратынына уәде берген. Бірақ бомбаның астына түсіп, уәдесінде тұра алмай көз жұмған. Ал Айгүлдің үлкен баласын біреулер атып өлтірген. Жауынгерлер қазақстандық әйелге екі жақын адамының қалай өлгенін видео арқылы көрсеткен. Айгүл болған жайтты әлі ұмыта алар емес. Биыл әйел төрт баласымен үйіне оралды. 

Қазақстанға оралған Ақжарқын есімді әйел мен оның күйеуі Сириядағы мұсылман бауырларға көмектесуді көздеген. 

"Алайда мен сол жерде жауынгерлердің бізге өтірік айтқанын түсіндім. Таңғалдым", — дейді ол. 

Туған еліне қайтып келген Дүйсенкүл де соғыс кезінде екі күйеуінен айырылған. Ол Сирияда алты жыл өмір сүрген. 

"Снайпер менің екінші күйеуімнің аяқтарына оқ жаудырды. Сосын бауырын атты. Күйеуім оны құтқарғысы келгендерге: "Жақындамаңдар! Өліп кетесіңдер", — деп айқайлаған, — дейді отандасымыз. 

Ер адам жақын маңайдағы мекемеге жорғалап барып, сол жерде жан тапсырды. Әйел үздіксіз жарылыстардан саңырау болып қала жаздапты. Адамдар тығылатын жер таппай қиналса, балалар қираған үйінділерде жасырынған. 

"Соғыс ойыншығы атанғанымызды кеш түсінгеніміз өкінішті. Мен ол жаққа енді қайтып бармаймын", — дейді Дүйсенкүл. 

Түркістан облысындағы дін жөніндегі басқарманың жетекшісі Марат Мұстафаевтың айтуы бойынша, радикалдардың діни негізінің барлығы ақырғы шек. Оның сөзінше, егер адам оқымаса, радикалдар оларды Жаратқанға сенбейді деп мүлкін тартып алады. Мұстафаевтың сөзінше, бұл такфирлік деструктивті идеалогия. 

"Сириядағы қазақстандықтар сондай кітаптарды оқып, үйренген. Сондықтан оларға шатасып кеткенін түсіндіру үшін біраз уақыт керек", — дейді ол. 

"Жусан" спецоперациясының көмегімен елге Сириядан 524 қазақстандық, оның ішінде 357 бала оралғанын айтып өткеніміз жөн.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Сирия