Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа қатаң сөгіс жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Арыстағы жарылыс оқиғасына байланысты министрге қатаң сөгіс жарияланатынын мәлім етті.
Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында 24 маусым күні таңертең жарылыс болды. Салдарынан үш адам қаза тапты - Арыс тұрғыны мен екі әскери қызметші. 170-ке жуық адам зардап шекті.