$ 494.87  520.65  4.91

«Қызметтен оп-оңай кете салады»: Тоқаев «Болашақ» арқылы оқитын шенеуніктерді сынға алды

Мемлекет басшысы «Болашақ» бағдарламасына өзгеріс енгізуді тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлердің «Болашақ» бағдарламасына қатысуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputniknews.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы «Болашақ» бағдарламасына өзгеріс енгізуді тапсырды

«Білім және ғылым министрлігінде, сондай-ақ, ұлттық экономика министрлігінде болған бір мысалды келтіруге болады. Ол жерде министрдің орынбасары дәрежесінде саяси қызметкерлер «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқимын деп қызметтен оп-оңай кете салады. Сонда 45 жастан кейін де оқи береді. Ондай мысалдар көп», - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президенттің айтуынша, министрдің орынбасары «Болашақ» бағдарламасымен оқуға кеткенде, оның орнына бір жылға басқа адамды тағайындай салады.

«Бұл – абсурд, мемлекеттік қызмет емес. Сабақтастық қайда? Президент әкімшілігі «Болашақ» бағдарламасының талаптарына өзгеріс енгізуі керек. Саяси қызметшілер өз білімін шыңдай алады. Бірақ онымен өз еркімен бос уақытта айналыссын. Оған мемлекет қаржысы жұмсалмауы қажет», - деп атап өтті Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары