Алматы облысында жол апатынан 3 адам мерт болып, тағы 4 адам ауруханаға жеткізілді. Оқыс оқиға «Алматы-Көкпек-Көктал» тас жолының 40-шақырымында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жол көлік оқиғасы «Тойота Хайландер» және «Лада 21014» көліктерінің соқтығысуы салдарынан болған. Жол апатынан 3 адам қайтыс болды. Тағы 4 адам түрлі жарақатпен Есік қаласының ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, фактіні облыстық Полиция департаментіндегі тергеу басқармасы жүргізеді.
Айта кетейік, жантүршігерлік көлік апатының видеосы әлеуметтік желіге жарияланды.