$ 449.3  489.69  4.89

Үкімет отырысында Тоқаевтың сөзін солтүстік өңірдің әкімдері аудармамен тыңдады

Президенттің баспасөз xатшысы Берік Уәли сағат 21:30-да жиынның телеарналардан көрсетілетінін Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында xабарлады.

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында солтүстік өңірдің әкімдері Тоқаевтың сөзін аудармамен тыңдады. 

Президенттің баспасөз xатшысы Берік Уәли сағат 21:30-да жиынның телеарналардан көрсетілетінін Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында xабарлады. 

«Бүгін, сағат 21:30-да республикалық телеарналардан (Хабар, Хабар 24, Қазақстан, Астана, Атамекен, Еуразия 1 арнасы,  СТВ, Алматы) Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысының негізгі бөлігін көре аласыздар. 

Өткен жартыжылдықтың есебі алынады, алдағы алты айға нақты тапсырмалар мен міндеттер жүктеледі», - деп жазды ол.

Оның бөліскен суреттерінің бірінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов және Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов отыр. Олардың Тоқаевтың сөзін аудармамен тыңдап отырғаны анық көрінеді. 

Айта кетейік, жиынға Премьер-Министр, Президент Әкімшілігінің Басшысы, Үкімет мүшелері, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, Қазақстан Президентіне тікелей бағынышты орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары