$ 449.3  489.69  4.89

«Шығынның көкесі әлі алда»: Айдын Рахимбаев ЛРТ жобасын сынап тастады

Білікті басшы өз жазбасында өзі басқарып отқан «BІ Group» компаниясының шығынымен салыстыра отырып, Үкіметке ұсыныс тастады.

Кеше Тоқаев Үкімет отырысында ЛРТ-ны сынап тастаған болатын. Осы тұрғыда ЛРТ жайлы әртүрлі пікірлер желі қолданушылары арасында толып кеткені анық. 

BI Group басшысы Айдын Рахимбаев та Президенттің сөзіне сілтеме жасай отырып, осы жоба басталмас бұрын қарсы болғанын Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпараттық порталы.

Оның айтуынша, қарапайым қала тұрғыны және салық төлеп отқан азамат ретінде ЛРТ - елордаға пайдасыз жоба. Ол өз жазбасында жобаның тиімсіздігін сандар арқылы дәлелдеп берді.

«Келіңіздер, есептеп көрейік: жобаға бөлінген бюджеттің  2 миллиард доллары,яғни жобаның 10-12 %-ы жұмсалды деп есептеймін. Бүгінгі Президенттің сөйлеген сөзінен белгілі болғандай, Астана Банкінен тағы 10-12% жоғалды. 
Мен құрылысшы ретінде айтайын, салынған колонналар, өтпе жолы, станциялар мен жылжымалы құрам қымбат емес. Шығынның көкесі әлі алда. Тіпті бұл жерде несие бойынша жылдық пайызды қоса есептемей қарастырамыз (егер бюджет қаражаты болса, инфляция, уақыттың ақшасы және т.б.). Алдағы шығын жартылай бос вагондардың 3%-ында қамтымайды.Сонда жобаны қорғау барысында қалай 3% деп есептеп шығуға болады?!
Жақсы, бірнеше жыл бұрын олар есептеуден қателескен болар, бірақ қазір не істеу керек екені анық», - деді Айдын Рахимбаев.

Білікті басшы өз жазбасында өзі басқарып отқан «Bi Group» компаниясының шығынымен де салыстыра отырып, Үкіметке ұсыныс тастады.

«ЛРТ жобасын осы жерден тоқтатқанымыз жөн. Өйткені әрі қарай жалғастыратын болсақ, үлкен шығынға батамыз. Әзірге тек колонкалар ғана ғой. Сол бетондарды басқа бағытта пайдаланғанымыз дұрыс. Және осыған жұмсалатын 1 млрд ақшаға бірнеше керемет автобустарды сатып алып, халыққа қолайлы жағдай туғызу мақсатында 1 минут сайын жүретіндей жағдай жасаған әлдеқайда артық», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары