$ 441.58  480  4.86

Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Ринат Зайытовқа өлең жолдады (ВИДЕО)

«Абай күллі қазақтың темірқазығы, алты Алаштың рухани азығы! Сондықтан, ешбір қазақ баласы осы эстафетадан тыс қалмайды деп ойлаймын. Қазақтың руxы әрқашан биік болсын!», - деп қорытындылады ол.
Фото: kapital.kz
Фото: kapital.kz

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орайластырылған өлең эстафетасын жалғастырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

«Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай оның өлеңдерін оқу эстафетасына Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы үлкен мән беріп, осы бастаманы жалпыхалықтық деңгейге көтерді. Өзі де Абай Құнанбайұлының өлеңінен үзінді оқыды, оны жақсы білесіздер. 

Осы эстафетаны Президенттің кеңесшісі Ерлан Қариннен, Қазақстанның халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов мырзадан және павлодарлық достар Нұржан мен Русланнан, сондай-ақ, сыныптасым Айраттан қабыл алдым», - деп жазды ол Facebook-парақшасында.

Ұлы ақынның «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» деген өлеңін оқыған Берік Уәли эстафетаны ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммедке, вице-премьер Гүлшара Әбдіхалықова және айтыскер Ринат Зайытовқа және барша әріптесіне жолдады. 

«Абай күллі қазақтың темірқазығы, алты Алаштың рухани азығы! Сондықтан, ешбір қазақ баласы осы эстафетадан тыс қалмайды деп ойлаймын. Қазақтың руxы әрқашан биік болсын!», - деп қорытындылады ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары