$ 449.3  489.69  4.89

Түркістан облысында жол апатынан 5 адам қайтыс болды

Олар түрлі жарақатпен ауруxаға жеткізілді.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Шымкент-Жібек жолы автожолында жол апаты орын алып, салдарынан 5 адам көз жұмды. Желіде апат орнында түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жол апаты бүгін, 16 шілдеде, сағат 13:15 шамасында болған. 

Желіде тараған видеода «КамАЗ» көлігіне соғылған шағын автобустың күл-талқаны шыққаны көрінеді.

Полиция мәліметінше, «Мерседес» шағын автобусы алдында келе жатқан «КамАЗ» көлігіне соғылған. Салдарынан оқиға орнында шағын автобустың 5 жолаушысы тіл тартпай кетті. Сонымен қатар «Мерседес» жүргізушісі мен тағы 6 жолаушы зардап шеккен. Олар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары