$ 449.3  489.69  4.89

«Ол да сұқ саусағын көрсетіп сөйлейтін»: әлеуметтік желіде Серікжан Біләшті Ленинге ұқсатып жатыр

Серікжан Біләш пен Лениннің сұқ саусақ көрсетіп тұрған суреті әлеуметтік желіге жарияланды.

Серікжан Біләш пен Лениннің сұқ саусақ көрсетіп тұрған суреті әлеуметтік желіге жарияланды. 

Facebook-парақшасындағы «Әлемнің 7  кереметі» тобында олардың ұқсастығы қызу талқыланып жатыр.  

«Əлімжан Əшімұлы. 

Мұндай ұқсастық та болады екен.  Ленин де жұрт алдына шығып сөйлегенде сұқ сусағын шығарып не алақанын жайып арқаланып кететін болған. Ал ұлтшыл азамат Серікжан Біләште осындай қасиет бар екен. Ленин Серікжан секілді шешен сөйледі ме, ол жағын білмедім. Бірақ халықты ұршықша иіріп, өзімен бірге ертіп әкете алатан қабілеті Серікжанға ұқсайды екен. Ленин абақтыға отырып шыққан адам, ал Серікжан үй қамақта отыр. Ленин барлық халықты теңестірем деп әлек болса, Серікжан Қытайда жәбір көрген қазақ үшін шыр-пыр болып жүр.

 Мұндай тұлғалар жүз жылда бір кездесетін шығар. Бір кем дүние!», - деп жазды Жолдас Қожабеков.

Желі қолданушыларының бірі «ұқсатар адамды тапқан екенсің десе», енді бірі автордың сөзімен келісетінін жазған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары