Батыс Қазақстан облысында айналым ережесін бұзғаны үшін 156 қару тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 10-14 шілде аралығында облыс аумағында «Қару» республикалық жедел алдын алу шарасы өткізілген.
Шара кезінде бұрын ішкі істер органында тіркелмеген тегіс ұңғылы 4 мылтық пен бір оқ-дәрінің заңсыз сақталғаны анықталды.
Қаруды сақтау, алып жүру, тасымалдау және қайта тіркеу ережесін бұзғаны үшін 139 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұрын тіркелгенімен, айналым ережесін бұзғаны үшін 156 қару тәркіленді.