Түркістан облысында жоғалып кеткен 16 жастағы жасөспірім табылды, деп хабарлайды sputniknews.kz өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баланың әкесі Мақтарал аудандық полиция бөліміне арызданған. Полицейлер анықтағандай, жасөспірім анасын іздеп елордаға кетіп қалыпты.
Жасөспірімнің ата-анасы екі жыл бұрын айырылысып кеткен. Бала осы уақыт бойы әкесімен бірге тұрған, ал анасы Нұр-Сұлтан қаласында екен.
Алайда жоғалған жасөспірім анасына баратынын әкесіне ескертпеген.
Криминалды полицияның қызметкерлері жасөспірімді үйіне қайтарды.