Бағаның айтарлықтай өсуі көкөністерде, жұмыртқада, күнбағыс майында, дәнді дақылдарда, жемістер мен теңіз өнімдерінде байқалып отыр. Жалпы, бір жыл көлемінде азық-түлік бағасы елімізде 11 пайызға қымбаттаған.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті мамандарының хабарлауынша, өткен айда азықтық тауарлардың бағасы — 3,3 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы — 6,5 пайызға, көрсетілетін ақылы қызметтің құны 1,4 пайызға қымбаттаған.
Комитет мамандары берген баға өсуінің көрсеткіштері төмендегідей: - көкөніс — 16,4% - жұмыртқа — 9,4% - күнбағыс майы — 7,5% - қарақұмық — 6,7% - балық және теңіз тағамдары — 6,3% - зәйтүн майы — 5,3% - жемістер — 5,2% - кофе — 5,1% - шикі сүт — 4,7% - салқын сусындар — 4,4% - ұннан жасалған тәтті нандар — 4,3% - тәтті тағамдар — 4,2% - ұн — 4,2% - нан — 3,6% - картоп — 3.2% - сұлы — 3% - макарон өнімдері — 2,9% - тауық еті — 2,8% - күріш — 2,7% - консервіленген сүт, шай — 2,4% - шұжық, ет өнімдері — 2% Ал, 2015 жылы еліміздегі инфляция көрсеткіші 3,7% пайызды құрап отыр.