$ 445.66  474.58  4.78

Батыс Қазақстан облысында торғайлар жаппай қырылып жатыр

Аудандық СЭС-не алаңдаушылық білдіріп қоңырау шалған тұрғындарға құстарды ток ұрғанын айтқан.

Қала тұрғындары 4 шағынаудандағы №43 үйдің ауласында, сондай-ақ ескі қала мен 10 шағынауданның маңайында өлі құстарды кездестірген, деп хабарлады «Уральская газета» ақпараттық порталы.

Аудандық СЭС-не алаңдаушылық білдіріп қоңырау шалған тұрғындарға құстарды ток ұрғанын айтқан. Бірақ ақсайлықтар мұндай нұсқаға сенбейді,жалаңаш сымдар торғайлардың осындай санын өлтіре алмайды деп санайды. Біреулер құстар қоқыстағы бір нәрседен уланды деп санайды,енді біреулер соңғы жауған жаңбыр біртүрлі болды десе ,енді біреу күкіртсутектің шығарындысы болды деп санайды.

16 шілде күні ветеринариялық зертхананың қызметкерлері құстардың өлекселерін Нұр-Сұлтанда жасалатын сараптамаға алып кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Орал #Торғай