17.07.2019, 15:50

Павлодар облысында шенеунік қол астындағы қызметшілермен спирттік ішімдік ішкен

Фото: Etcetera.media
«Жақында ғана әдеп жөніндегі комиссия отырысында Успенка ауданы әкімі орынбасарының заңсыз әрекеті қарастырылып, ол мемлекеттік қызметтен босатылды»,- дейді Айдар Тастеміров.

І жартыжылдықта өңірде жемқорлыққа қатысты 64 қылмыс тіркеліп, облыстық деңгейдегі сегіз басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz-ке сілтеме беріп. 

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Айдар Тастеміров облыстық мәслихаттың кеңейтілген сессиясы кезінде баяндады. 

«Өкінішке орай, тұрғындар мемлекеттік қызметшілер мен түрлі деңгейдегі шенеуніктердің этика нормаларын өрескел бұзғанына шағымдануда. Жақында ғана әдеп жөніндегі комиссия отырысында Успенка ауданы әкімі орынбасарының заңсыз әрекеті қарастырылып, ол мемлекеттік қызметтен босатылды. Аталған шенеунік қол астындағы қызметшілермен бірге спирттік ішімдіктер ішкен»,- дейді Айдар Тастеміров. 

Оның айтуынша, Аққулы ауданында тағы бір шенеунік қызметтік кабинетінде азаматты соққыға жыққан. Артынша кабинеттен шығып, төбелесті жалғастырған. Мұны мемлекеттік орган қызметкерлері мен үшінші тұлғалар көрген. Аталмыш іс тексеріліп жатыр.