$ 447.4  477.55  4.76

Серікжан Мәмбеталин Арон Атабекке 150 мың долларға үй алып берген

Серікжан Мәмбетәлиннің өзі де жазба астына бұл оқиғаның осыдан 2 жыл бұрын болғанын жеткізген.

Саясаткер Серікжан Мәмбеталин Шаңырақ оқиғасынан соң ұзақ жылға сотталған Арон Атабекке 150 мың долларға пәтер алып берген. Бұл туралы қоғам белсендісі Марғұлан Боранбай өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Айтқандай, Серікжан Мәмбетәлиннің Арон Атабектің отбасына 150 мың долларға пәтер алып бергенін көбісі біле бермес. Осы үшін де Серікжанмен таныс болғанымды мақтан етемін», — деп жазды ол.

Серікжан Мәмбетәлиннің өзі де жазба астына бұл оқиғаның осыдан 2 жыл бұрын болғанын жеткізген.

«150 мыңнан сәл аз сомаға алынған. Бірақ мен ғана емес, кәсіпкерлер де қаржы қосты. Пәтердің нақты құнын Арон Атбектің жары біледі», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары диссиденттің отбасы Арон Атабекпен кездесуге мүлде бармағаны жайлы ақпараттың бар екенін қоса кетіпті. Алайда Мәмбетәлин Атабектің өзі отбасының келуіне тыйым салғанын айтады.

Еске сала кетейік, 2006 жылы 14 шілдеде Алматының шетіндегі Шаңырақ ықшамауданында болған оқиғаларға қатысты деп айыпталып, Арон Атабек «жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін» 18 жылға сотталған. Ол жазасын жалғыз кісілік камерада өтеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары