$ 448.15  483.46  4.86

Қазақ жұмыссыз қаңғып жүруге құмар — Қырымбек Көшербаев (ВИДЕО)

Көшербаев Абай Құнанбайұлының 42 қара сөзінен үзінді оқыды.

ҚР Президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған өлең оқу эстафетасын жалғастырды. Видеоны Берік Уәли өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті. 

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Абай шығармаларын оқу эстафетасын кішкентай Ләйлімнен қабылдап, өзі де жалғастырғанын білесіздер. Бұл бастама қазір жалпыхалықтық сипат алды. Тағылымды эстафетаны әйгілі өнер тарланы Досхан Жолжақсыновтан қабылдап алған Президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев ұлы ақынның масылдық туралы ой-пікірлерінен үзінді оқып, қазақ ғылымының майталмандары, академиктер Төрегелді Шарманов пен Асқар Жұмаділдаевқа және мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаеваға жолдады», — деп жазды ол. 
 
Көшербаев Абай Құнанбайұлының 42 қара сөзінен үзінді оқыды. 
 
«Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұғынының бір себебі — жұмысының жоқтығы. Егер егін салса, я саудаға салынса, қолы тиер ме еді? Ол ауылдан бұл ауылға, біреуден бір жылқының майын сұрап мініп, тамақ асырап, болмаса сөз аңдып, қулық, сұмдықпенен адам аздырмақ үшін, яки азғырушылардың кеңесіне кірмек үшін, пайдасыз, жұмыссыз қаңғырып жүруге құмар», — деп ол халықты еңбек етуге шақырды.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары