$ 444.22  476.38  4.82

Павлодарда қол астындағы қызметкерлерімен бірігіп спирттік ішімдік ішкен шенеунік қызметінен қуылды

Аққулы ауданында тағы бір шенеунік қызметтік кабинетінде азаматты соққыға жыққан.

І жартыжылдықта өңірде жемқорлыққа қатысты 64 қылмыс тіркеліп, облыстық деңгейдегі 8 басшы қылмыстық жауапқа тартылды, деп жазады pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Айдар Тастеміров облыстық мәслихаттың кеңейтілген сессиясы кезінде баяндады.

«Өкінішке қарай, тұрғындар мемлекеттік қызметшілер мен түрлі деңгейдегі шенеуніктердің этика нормаларын өрескел бұзғанына шағымданып жатыр. Жақында ғана әдеп жөніндегі комиссия отырысында Успенка ауданы әкімі орынбасарының заңсыз әрекеті қарастырылып, ол мемлекеттік қызметтен босатылды. Шенеунік қол астындағы қызметшілермен бірге спирттік ішімдіктер ішкен»,- дейді Айдар Тастеміров.

Оның айтуынша, Аққулы ауданында тағы бір шенеунік қызметтік кабинетінде азаматты соққыға жыққан. Артынша кабинеттен шығып, төбелесті жалғастырған. Мұны мемлекеттік орган қызметкерлері мен үшінші тұлғалар көрген. Оқиға әлі күнге дейін тексеріліп жатыр.

Дереккөз: Holanews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары