$ 445.66  474.58  4.78

Өскеменде 6 жастағы бала терезеден құлап кетті

Өскемен қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 6 жасар бала үйінде қараусыз қалған. Салдарынан пәтердің 2-қабатынан құлап кеткен.
Фото:  s13.ru
Фото: s13.ru
Жастар көшесіндегі аулалардың бірінде өткен-кеткен тұрғындар жоғарыдан құлап қалған баланы тауып алды, деп жазады  YK-news.kz.
 
Өскемен қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 6 жасар бала үйінде қараусыз қалған. Салдарынан пәтердің 2-қабатынан құлап кеткен. 
 
«Бала далаға ойнағысы келген. Алайда үйі құлыптаулы болған соң терезеден шығамын деп ойлаған. Дәл қазір сәби  аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр», — деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.
 
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары