Алматыда үш жеке тұрғын үй мен шаруашылық қора-жайлар өртеніп кетті, деп хабарлады Sputnik Қазақстан құқық қорғау органдарына сілтеме беріп.
Оқиға 18 шілдеге қараған түні Жетісу ауданындағы Потанин көшесінде болған.
Жалын үш бірдей жеке тұрғын үйді шарпып, маңындағы шаруашылық қора-жайлар өртене бастаған. Алдын ала деректерге сүйенсек, екі адам зардап шегіпті.
Өртену аумағы мен себептері анықталып жатыр.