Белгілі кәсіпкер, қоғам белсіндісі Марғұлан Сейсембай Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына неге енбегенін түсіндірді.
«Президент Тоқаевтың «Ұлттық қоғамдық сенiм комиссиясы және оның құрамы туралы» жарлығы шықты. Бәрi түсiнiктi болды», - деп жазды ол Facebook-парақшасында.
Ал желі қолданушылары кәсіпкерден бұл Кеңестің құрамына неге кірмегенін сұрады.
«Олар менiң шартымды орындамады. Мен оларға саяси тұтқындарды босатыңдар, сонда Кеңеске кiремін деп шарт қойғанмын. Бұл шартты орындамай, Кеңесте жұмыс iстеу - аморалды», - деп оқырмандарына жауап қайтарды Марғұлан Сейсембай.
Еске салайық, бұған дейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына кімдер кіргенін жазған болатынбыз.