18.07.2019, 11:35

Қазақстанда фонограммамен ән айту шектелуі мүмкін (ВИДЕО)

Жанды дауыспен ән салып, халықаралық ән байқауларынан жүлдемен оралған жас әншілерді қабылдаған Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәдениет туралы заңға осындай өзгеріс енгізуді ұсынды.

Әншілердің фонограммамен ән айтуын шектейтін заң жуық арада қолданысқа енгізілуі мүмкін, деп хабарлады Sn.kz 31 арнаға сілтеме жасап. 

Жанды дауыспен ән салып, халықаралық ән байқауларынан жүлдемен оралған жас әншілерді қабылдаған Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәдениет туралы заңға осындай өзгеріс енгізуді ұсынды.

Мәдениет министрінің айтуынша, Димаш Құдайбергеннің ізімен өзге елдегі додаларда топ жарып жүрген жастарымыз ән айтудың өзектілігін көрсетіп отыр.

«Фонограмманың түрлері көп. Біздің министрліктің көзқарасы: өнер таза болу керек және эстрадада жанды дауыспен айтылу керек», - деді Ақтоты Райымқұлова.