$ 494.87  520.65  4.91

«Дінге сенемін, бірақ арақ ішемін»: тәңірші мен имам дін тақырыбында дауласты (ВИДЕО)

Тәңірші мен имам арасында ислам дініндегі терминдерге қатысты екі түрлі көзқарас пайда болды.

Аман Тасығанның «New Old Qazaqtar» youtube-тегі жобасында тәңірші мен имам бетпе-бет жолығып, ислам дініне қатысты пікір таластырды, деп жазды Sn.kz

Тоқтар абыз 40 жылдан бері тәңіршілік жолда жүрген азамат. Қазіргі таңда әлеуметтік желіде тәңірші ретінде танымал адам. 

Оның айтуынша, «мұсылман» деп айтқан адам нағыз мұсылмандық жолда жүрген адам емес. 

«Біздің тәңірлік дүниетанымда «мұсылман» деген «сатқын» деген мағынадағы сөз. Олай айтуымның себебі бар. Қазақтың сөздік құрылымын зерттеген кезде сөзді орап айту, қадап айту, еніп айту деген амал бар. Орап айтуды ғылымда «полиндрон» дейді, сөздің ішіне енуді «герменектика» дейді.  Оны діндар адамдар да пайдалану керек. «Мұсылман» деген сөзді артқа оқысаң, «намлысұм» деген сөз шығады. Егер маған таза ислам дінін ұстанған адам «муминмін, муслиммін» деп таза сөйлеп тұрса, мен қуанар едім», - деп түсіндірді Тоқтар абыз.

Осы бағдарламаға келген имам Бақытжан Құралбайұлы имамдық қызметте істеп жүргеніне 10 жылдан асқан. Ол тәңіршілерді өз сенімімен жүрген адамдар деп қабылдайды екен.

Тәңірші мен имам арасында ислам дініндегі терминдерге қатысты да екі түрлі көзқарас пайда болды. Тәңірші сөз арасында "дінге сенемін, бірақ арақ ішемін" деп имамның ашуына тиді. Ислам дініне қарсы пікір білдірген Тоқтар абызға имам өз ойын айтып, нүкте қойды.

«Ислам дінінде ата-бабасының басына барып құран оқу деген бар, ислам да қазақ елінің көркеюі үшін қызмет етуде», деді Бақытжан Құралбайұлы.

Олар бағдарлама барысында ислам діні мен тәңірлік сенімдегі болып жатқан керағар пікірлермен бөлісіп, ортақ шешімге келді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ислам діні