$ 449.3  489.69  4.89

«Ол бала кезінен ауылдың қара жұмысына үйренген»: Шөкеев көлікке сабан тиеп жүр

Сондай-ақ, Сәкен Қалқаманов егістік шаруасына білек сыбана көмектесіп жүрген облыс әкімі бала кезінен-ақ мұндай жұмысқа әбден үйренгенін айтты.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Сайрам ауданына барған іссапарында жұмысшылармен бірге жүк көлігіне сабан тиесті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы әкім кеңесшісінің Facebook-парақшасына сілтеме жасап.  

«Бұл егістіктен әр гектарына 25 центнер болатын 5 гектардан астық өнімі жиналды. Шілде соңына дейін Түркістан облысында астық жинау аяқталады», - деп жазды облыс әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов.

Сондай-ақ, Сәкен Қалқаманов егістік шаруасына білек сыбана көмектесіп жүрген облыс әкімі бала кезінен-ақ мұндай жұмысқа әбден үйренгенін айтты.

«Өмірзақ Шөкеев бұрынғы Шымкент облысы,  Бәйдібек ауданындағы Шаян ауылында өсті. Ол бала кезінен ауылдың қара жұмысына үйренген», - деді Сәкен Қалқаманов. 

Еске салайық, бұған дейін Шөкеевтің комбайнға отырып, астық ору науқанына қатысқанын жазған болатынбыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары