$ 448.56  478.03  4.79

Автобус қысып тастаған: Алматыда Лексус аударылып қалды

Автокөлік жүргізушісінің айтуынша, Lexus RX және жолаушылар автобусы Рысқұлов даңғылы бойымен батысқа қарай жүріп келе жатты, ал Лексус сол жақ шеткі жолағында келе жатқан.

Бүгін таңертең Алматыда Рысқұлбеков пен 9 қаңтар көшелерінің қиылысында жол апаты болды, деп хабарлады Zakon.kz.

Автокөлік жүргізушісінің айтуынша, Lexus RX және жолаушылар автобусы Рысқұлов даңғылы бойымен батысқа қарай жүріп келе жатты, ал Лексус сол жақ шеткі жолағында келе жатқан.

Автобус 9 қаңтар көшесіне жақындағанда автокөлікті қыса бастаған. Лексустың жүргізушісі соқтығысудан аулақ болу үшін рөлді қатты бұрып жіберді, нәтижесінде ол бақылауды жоғалтып, жолақтарды кесіп өтіп,бастапқы орнына оралды. Автокөлік жүргізушісі рөлді түземек болғанымен көлікті бағындыра алмады. Нәтижесінде, көлік автобусты соғып, 10 метрлік жерге ұшып кетті. 

Оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ. Полицейлер мән-жайды анықтауда. Көлік апатына ұшырағандар куәгер іздейді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары