$ 494.87  520.65  4.91

АҚШ-та егде тартқан ерлі-зайыпты бір күнде қайтыс болды

Герберт Делейгл жұбайы Мэрилин Фрэнсис Делейглмен 1947 жылы Уэйнсборо қаласындағы дәмханада танысқан екен. Жұбайы сол жерде жұмыс істепті.

АҚШ-тың Джорджия штатында 71 жыл бірге тұрған ерлі-зайыпты бір күнде қайтыс болды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Герберт Делейгл жұбайы Мэрилин Фрэнсис Делейглмен 1947 жылы Уэйнсборо қаласындағы дәмханада танысқан екен. Жұбайы сол жерде жұмыс істепті.

«Оның әрлі-берлі жүргеніне жиі қарап отыратын едім. Одан көзімді ала алмайтынмын. Артынша бойыма күш жинап, оны кездесуге шақырдым», - деген екен қария 2018 жылы WRDW басылымына берген сұхбатында. 

71 жыл бір шаңырақ астында өмір сүрген ерлі-зайыптылар 12 шілдеде Уэйнсборо қаласындағы ауруханада қайтыс болыпты. 94 жастағы Герберт түнгі сағат 2:20-да, ал 88 жастағы Мэрилин Фрэнсис күйеуінің өлімінен 12 сағаттан кейін бақилық болды. 

Бүгінде ерлі-зайыптының 6 баласы, 16 немересі, 25 шөбересі және 3 шөпшегі бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#АҚШ