Мемлекет басшысының Өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Аружан Саин 1976 жылы 10 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің география факультетін бітірген.
Еңбек жолы: Хабар телеарнасындағы күнделікті «Разминка» бағдарламасының тележүргізүшісі (1993 жылдан бастап); «Дәмді және тез», ары қарай «Жұлдызды меню» кулинарлық бағдарламаларының тележүргізушісі (1994-1999); «Еркемай» бүлдіршін ойын бағдарламасының тележүргізушісі (1994-2000); «Ел Арна» телеарнасындағы «Ана мектебі» танымдық бағдарламасының тележүргізушісі (2006 жылдан бастап); «Сабырлық, тек сабырлық» ток-шоуының тележүргізушісі (2010 жылдан бастап); «Бүлдіршіндерге Өмір сыйла» бағдарламасының жүргізушісі (2011 жылдан бастап).
2009 жылы «Мүгедектерге қамқорлық жасағаны үшін» аталымы бойынша «Алтын жүрек» («Золотое сердце»)