$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбедегі ойын-сауық орталығында толғағы қысқан келіншекті қызметкерлер босандырып алды

Өз кезегінде желі қолданушылары жас ана мен баласына жылы лебіздерін жазып жатыр.

Ақтөбеде жүкті келіншектің ойын-сауық орталығында толғағы келді. Бұл туралы сауда орталығы Instagram-парақшасында жарияланған.

Киім сататын дүкенге кіре берісте толғағы қысқан келіншекті орталық қызметкерлері босандырып алды. Кейін жедел жәрдем келіп, әйелді перзентханаға алып кеткен. Сәбидің салмағы 3,4 келі, бойы - 52 см.

Сондай-ақ жазбада жас ана мен жаңа туған нәрестеге сауда орталығының атынан ыдыс аяқ жиынтығы тарту етілгені де жазылған.

Өз кезегінде желі қолданушылары жас ана мен баласына жылы лебіздерін жазып жатыр.

"Бұл өте керемет жағдай болды. Мен сол күні қарама-қарсы дүкенде жұмыс істеген болатынмын. Қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Ана мен балаға денсаулық тілеймін", - деді куәгер әйелдердің бірі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары