$ 498.34  519.72  4.85

Шымкенттік дәрігерлер жүкті әйелдің жүрегін тоқтатып, операция жасады

Жүктілік ағымы да асқынусыз өтуде. Науқасты бірнеше рет қараған қаланың акушер-гинекологтары ана мен бала үшін ешқандай қауіп жоқ екенін жеткізген.

Шымкентте дәрігерлер жүкті әйелдің жүрегін тоқтатып қойып, жүрекке ашық түрде ота жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екі жарым сағатқа созылған операция кезінде кардиохирургтар құрсағында шаранасы бар әйелдің жүрегінен эхинококк жылауығын хирургиялық жолмен алып тастады.

Дәрігерлердің айтуынша, науқас әйел 16 апталық жүктілік кезеңінде. Жүкті келіншектің жүрегіне ашық отаны білікті дәрігерлерден құралған команда жасаған. Олардың қатарында кардиологиялық орталықтың директоры Ермағанбет Қуатбаев, кардиохирург Бауыржан Сайлаубекұлы, реаниматолог Бекжан Перменов пен дәрігер перфузиолог Жәнібек Абшировтар бар.

Дәрігерлер аурудың бұл түрімен жүктілікті ұзартудың жоғары қауіпін ескере отырып, жүрекке ашық ота - журек эхинококкозэктомиясын жасаған. Ота сәтті аяқталып, келесі күндері әйел асқынусыз кардиохирургия бөліміне ауыстырылған.

Жүктілік ағымы да асқынусыз өтуде. Науқасты бірнеше рет қараған қаланың акушер-гинекологтары ана мен бала үшін ешқандай қауіп жоқ екенін жеткізген.

Айта кетейік, елімізде жүкті әйелге жүрек эхинококкозымен ашық түрде ота алғаш рет жасалып отыр. Шымкенттік дәрігерлер мұндай диагнозбен аяғы ауыр әйелдерге ота жасаудың қауіпті екенін жақсы білген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары