$ 524.58  551.91  4.93

«Екі енені қатар еметін ебі бар»: Серік Әбікен Ұлттық кеңес жайлы

«Кеңес халық мұңын айтады, президенттің халыққа арқа сүйеуіне себепкер болады деп сенейік».

Журналист Серік Әбікен Ұлттық кеңестің құрылуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Ұлттық кеңес құрылыпты. Биліктің өтпелі кезеңінде бұл да керек шығар. Бұрынғы басшының еркетотайларынан құрылған қазіргі парламенттің қалжасынан түңілгелі қашан?

Кеңес халық мұңын айтады, президенттің халыққа арқа сүйеуіне себепкер болады деп сенейік. Тоқаевтың көздегені сол шығар? Ортада Ораз Жандосовтың жүргенін байқадым, жақсылық. Екі енені қатар еметін ебі бар, сайлау кезінде қойыртпақ жасаған біраз пысық та жүр. Ондайлар есікті жапсаң тесіктен өтеді.

Не болса да бір тәуекелді іс басталды, ұлтқа оң болсын», - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Серік Әбікен