19.07.2019, 10:40

Кәсіпкерлер өрттен 48 адамды құтқарған Ержанға 4 бөлмелі пәтер сыйлады

Фото: altaynews.kz
Өрт кезінде Ержанның 270 мың рублі өртеніп кеткен екен. Ал Семей қаласы әкімдігі Ержанға 1 миллион теңге сыйақы берген болатын.

Өрттен 48 адамды құтқарған Ержан Омархановқа кәсіпкерлер 4 бөлмелі пәтер сыйлады, деп хабарлайды Алтайньюс.

Естеріңізде болса, былтыр Семейден Ресейдің Новосібір қаласына бет алған автобус өртеніп, Ержан ішіндегі 48 адамның аман-есен құтылуына мүмкіндік сыйлаған болатын. Белгілі сайттардың жазуына сенсек, сол кезде Ержанның 270 мың рублі өртеніп кеткен екен. Ал Семей қаласы әкімдігі Ержанға 1 миллион теңге сыйақы берген болатын.

Жуықта Lancaster Group Kaxakhstan компаниясының акционерлері Берік Қаниев пен Юрий Пак қаһарман жігітке 4 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

«Ержанның ерлігі үлкен құрметке лайық. Бастысы ол қашан да жақсылықтың өтеуі болатынынан түсінсін. Адамдарға деген кіршіксіз көңіліне кірбің түспесін. Алдағы уақытта оның грек-рим күресінен жастарды тәрбиелеп жүрген үйірмесіне де қолдау көрсетсек деген жоспарымыз бар», – деді Берік Қаниев пен Юрий Пак.