$ 498.34  519.72  4.85

Үйлеріне найзағай түскен отбасының 8 баласы қайтыс болды

Үндістанда Бахир штатының солтүстігіндегі ауылда найзағай салдарынан 9 адам қайтыс болды

Балалар жаңбыр жауып тұрғанда далада ойнаған. Оларды найзағай соғып, қайтыс болды. Барлық бала – бір отбасының мүшелері, деп жазады BAQ.KZ.

Үндістанда Бахир штатының солтүстігіндегі ауылда найзағай салдарынан 9 адам қайтыс болды, оның 8-і – балалар. Оннан астам адам жарақат алған. Бұл туралы News Nation басылымы жазады.

Алдын ала ақпаратқа сүйенсек, Джанпур ауылында балалар ойнап жүрген. Сол кезде найзағай қатты жарқылдаған.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Штаттың бас министрі Нитиш Кумар қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты және қайтыс болғандардың туыстарының барлығына 400 мың рупий (шамамен 2,5 млн теңге) беруді тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары