$ 494.87  520.65  4.91

Көпбалалы ана алты жасар қызының көзінше көпірден секіріп кеткен

Көпбалалы ана өз-өзіне қаржылық қиындықтар салдарынан қол салған деген болжам бар.

Өзбекстандағы Самарқанд ауданында 42 жастағы әйел адам суицид жасады. Көпбалалы ана алты жасар қызының көзінше көпірден секіріп кеткен деп хабарлайдыca-news.org сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Upl.uz басылымыынң мәлімдеуінше, қайғылы оқиға 17 шілде күні сағат 10:00 шамасында орын алған.

Төрт баланың анасы "Даргом" каналының көпірінен секіріп кеткен. Бұл жағдайға келіншектің алты жасар қызы куә болған. Ол анасының артынан секірмекші болған. Алайда, абырой болғандай оқиға куәгерлері оны тоқтатып үлгерді.

Мәліметтерге сәйкес, әйел адамның төрт баласы болған. Анықталғандай, оның күйеуі Ресейге кетіп, өзге келіншекке үйленген. Көпбалалы ана өз-өзіне қаржылық қиындықтар салдарынан қол салған деген болжам бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Өзбекстан