$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында автобустан құлаған келіншек қайтыс болды (ВИДЕО)

Марқұм, 47 жастағы Жайнагүл Халық туған жерінен тарихи отанына қыдырып келсе керек. Екі күннен соң еліне қайтатын болған соң ол Алматының метросын, қаланың көрікті жерлерін аралауға шыққан.

Қайғылы оқиға Ұзынағаш ауылының тұсында орын алған. Марқұм әйелдің туыстары күннің  ыстығына шыдамаған жүргізуші автобустың есігін ашып, қауіпсіздік ережесін сақтамаған дейді. Ал Жамбыл ауданының тұрғындары болса әбден ескірген, қапырық, кір автобустардан шаршағандарын айтты. Ажалы жол үстінде келген әйел туыстарын сағынып, Моңғолияның Баян-Өлгейден қонаққа қыдырып келген екен, деп хабарлайды Almaty.tv.

47 жастағы Жайнагүл Халық туған жерінен тарихи отанына қыдырып келсе керек. Екі күннен соң еліне қайтатын болған соң ол Алматының метросын, қаланың көрікті жерлерін аралауға шыққан.  Туыстарымен бірге «Алтын Орда» базарынан автобусқа отырған ол Үмбетәлі ауылының тұсынан түсу керек екен. Бірақ Алматыны білмегендіктен межелі жерден өтіп кеткен Жайнагүл кенет автобус Ұзынағаш ауылына қарай бұрылған сәтте ашық тұрған есіктен сыртқа ұшып кеткен.  

Марқұмның туыстары жолаушылап келген әйелді кеше жер қойнына тапсырды. Ағайынын аралаймын деп ажал құшқан келіншек автобустан құлағанда қасында жақындары да болған. Ет-жақындарының айтуынша, көлікті баяу жүрген, бірақ соған қарамастан Жайнагүл тас жолға басымен құлап, есін жимаған күйі кеткен.  

«Жүргізуші көлікті қатты жүргізбегенін айтады. «Бұрылдым да, тоқтайын деп бара жатқанымда әлгі кісі құлап кетті» дейді. Ал автобустағы адамдардың айтуынша «Алтынордадан» бастап есік жабылмаған. Тіпті адам құлап қалғангның өзінде ол бірден тоқтай алмай, 15-20  метр жүріп барып бір-ақ тоқтаған. Соған қарағанда ол адамның құлағанын көрмеген де сияқты», – деді марқұм  Ж. Халықтың інісі Мейрамбек Сайран.

Алматы облыстық Полиция Департаментінің ресми өкілі аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК 345 бабының 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жүріп жатқанын жариялады. Сараптамадан соң процессуалдық шешім қабылданды. Жолаушы қаза болса да автобус күнделікті бағытыда жолаушы тасуды әлі  жалғастырып жатыр. Тек рөлге екінші ауысымдағы адам отырған.

«Автобуста адамдарға ешқандай жағдай жасалмаған. Баламен осындай ыстықта автобуста кетіп бара жатырмыз. Әркім өз қалтасын ойлайтын болды ғой. Ешкім ештеңе істеп жатқан жоқ», – дейді бір жолаушы.

«Әкімшілік халықтың  жағдайын жасаса. Мынадай автобустар болмауы керек. Қаладағыдай жаңа автобус бөлсін. «Оңай» жүйесін орнатсын.  Мұнда салқындатқыш жоқ. Ыстықта мынадай автобустарда отыру мүмкін емес. Ауа жоқ. Тазалық та сақталмайды», – дейді келесі бір жолаушы.  

Қаскелең қалалық автопаркіне қарайтын автобустың зауыттан шыққанына 32 жыл болған. Ескі көлік бүгінде Алматы-Ұзынағаш-Отар бағытында жүріп, паркке күн сайын 14 мың теңге өткізеді екен. Ал Алматы-Ұзынағаш арасында қатынайтын 20 шақты автобустың барлығының тозығы жеткен.

«Автопарктің автобустары ескірген. «Қаскелең автопарк» ЖШС басшылығына осыларды айтып, хат жазғанбыз», – деді Алматы облысы Жамбыл ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Салауат Ибрагимов.

Ал абайсызда жолаушысынан айырылған жүргізуші жерлеуге жылқы апарып, көмек көрсетеміз деген желеумен марқұмның туыстарынан «кешірдік» деген қолхат та алып үлгерген. Қыдырып кеп,  тарихи отанынан мәңгілік орын тапқан марқұмның артында екі ұлы қалды. Ал қыста  жылуы, жазда желдеткіші жоқ ескі автобустардың  қашан жаңарары белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы