DAZN стриминг сервисі Геннадий Головкинге қыркүйекте жекпе-жекке шығатын үш адамды қарастырып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпараттық агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым хабарлаған ақпарат бойынша, GGG-мен жекпе-жекке үміткерлер - украиналық Сергей Деревянченко, мексикалық Хайме Мунгия және жапониялық Риота Мурата.
Айтпақшы, Головкиннің қарсыластарының ішіндегі басты үміткер - Деревянченко. Онымен қазақстандық кезінде жекпе-жекке шығудан бас тартып, IBF белбеуінен айырылып қалған.
Ал енді Халықаралық бокс федерациясының бұл титулы жекпе-жектің ұтысы болады.
«Украиналық спортшы IBF белбеуіне үміткердің ең алғашқысы, сондықтан, ұйым Деревянченко және орта салмақтағы чемпион Сауль «Канело» Альварес арасында жекпе-жек өткізуге рұқсат берді. Мексикалық боксшы бас тартса, IBF одан белбеуін тартып алуға мәжбүр болады, бірақ әлі ешқандай келіссөздер жүрген жоқ. Осылайша үміткерлер тізімінде Деревянченкодан кейін тұрған Головкин жекпе-жекке шығуы мүмкін», - деп жазған басылым тілшілері.
Еске салсақ, Головкин Danz-мен жасаған келісім-шарты бойынша жыл соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізуі тиіс.