$ 448.15  483.46  4.86

Білім ордасындағы былық: Шымкенттегі ЖОО-нан есірткі табылды (ВИДЕО)

Жоғары оқу орнының дене шынықтыруға арналған бөлмесі героин мен анаша саудасын қыздырған базарға айналған.

Шымкенттегі университеттің бірінің спорт залында есірткі притонының жұмысы әшкереленді, деп хабарлайды Sn.kz ақпараттық порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Жоғары оқу орнының дене шынықтыруға арналған бөлмесі героин мен анаша саудасын қыздырған базарға айналған. Осы жақта сатылып, тіптен тұтынатындар топтасатын болған. Арнайы операция жүргізген тәртіп сақшылары тәркіленген есірткінің бірнеше түрін сараптамаға жіберді. Дегенмен, полиция департаменті әзірге аталмыш притонның қанша уақыттан бері жұмыс істегенін және ұйымдастырушылар мен ұсталғандар туралы айтуға асықпайды. 

«Аталған жәйт бойынша ҚР ҚК-нің 302 бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда істің мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті іздестіру іс-шаралары жүргізілуде» - деді Шымкент қалалық ПД-нің баспасөз хатшысы Әсел Сәденова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары