$ 494.87  520.65  4.91

10 тоннадай қоқыс жиналды: Елордада тазарту акциясы басталды

Экологиялық шараға ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин, ведомства басшылары, қоғам қайраткерлері, еріктілер мен қала тұрғындары қатысты. 1200-ден астам адам акцияға ат салысты.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұйымдастыруымен Қоянды су қоймасының жағалауын қоқыстан тазарту акциясына қатысты.

Бұл туралы Sn.kz ақпараттық порталы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Экологиялық шараға ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин, ведомства басшылары, қоғам қайраткерлері, еріктілер мен қала тұрғындары қатысты. 1200-ден астам адам акцияға ат салысты. Су қоймасының аумағынан 10 тоннадай қоқыс жиналды.

Қала әкімі осындай игі шараның шаһар ішінде де өткізудің маңызына тоқталды. 

«Демалғанды жақсы көреміз де, соңынан жинауды ескермейміз. Бұл дұрыс емес. Тазалық - денсаулығымыздың кепілі. Осындай игі шараның жалғасқаны жөн. Келесі аптада қала ішінде ұйымдастырамыз», - деді А.Көлгінов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары