20.07.2019, 20:54

Мұxтар Тайжан 10 жылдан бері түрмеде отырған Мұxтар Жәкішевті қолдауға шақырды

Бұл туралы ол Facebook әлеумеитік желісіндегі парақшасында жазды.

Экономист әрі қоғам белсендісі Мұxтар Тайжан 10 жылдан бері түрмеде отырған Мұxтар Жәкішевті қолдауға шақырды.

 Бұл туралы ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 

«Достар! Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан шығар! 24 шілдеде Семейде Мұxтар Жәкішевтің УДО жайлы соты өтпек. Бұл азамат еш жазықсыз 10 жылдан астам қамауда отыр. УДО-мен босататын уақыт әбден келді деп санаймын.

Сондықтан мен бұл кісіге моральдық қолдау білдіру үшін сол сотқа барайын деп отырмын. Астанадан менімен бірге бара алатын адам табылса, бірге шығайық! Жолышыбай Керекуге де соғып әріптестерімізбен бас қосайық! Құр сөзді қойып Алашорда астанасына барып, Қазақстанның үлкен патриотына нақты қолдау көрсетейік, ағайын!» - деп жазды Мұхтар Тайжан.