$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай облысында әкім мас күйінде көлік айдағаны үшін қатаң сөгіс алуы мүмкін

«Кінәмді толықтай мойындаймын, өкінемін. Бұл менің жеке көлігім болатын. Оқиға демалыс күні болды»,- деді сотта ауыл әкімі.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Ауыл әкімі мас күйінше көлікке отырғаны үшін қатаң сөгіс алуы мүмкін, деп хабарлайды КТК арнасы. 

Бұл жағдай Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды. Аталмыш дерек мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқық бұзу фактілерін мониторингтеу кезінде анықталды. Бұл жолы Федоров ауданы Новошумное ауылының әкімі Болат Бақытжанов назарға ілікті. 

Болат Бақытжанов аудан орталығында досының туған күніне барып, екі бөтелке сыра ішкен. Түнде анасы қоңырау соғып, әкесінің денсаулығы нашарлағанын хабарлапты. Әкім рөлге отырып, Затобольск ауылына шыққан. 

«Кінәмді толықтай мойындаймын, өкінемін. Бұл менің жеке көлігім болатын. Оқиға демалыс күні болды»,- деді сотта ауыл әкімі.  

Әдеп кеңесінің мүшелері аудан әкімінің Бақытжановты жақсы жағынан сипаттағанын ескере келе, оған мемлекеттік қызмет этикасын бұзғаны үшін қатаң сөгіс беруді ұсынды. Бұған дейін Бақытжанов екі рет тәртіптік жауапкершілікке тартылған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары