$ 448.15  483.46  4.86

«Апат бұдан да алапат болар еді»: Арысқа Ресейлік мамандар келді

Құрамына жоғары санатты инженер-саперлер, Ресей федерациясы қарулы күштерінің зымыран-артиллериялық бөлімше мамандары енді
Фото: Tengrinews
Фото: Tengrinews

Арыста орын алған апаттың зардабын жоюға Ресей әскерилері де көмектеседі. Осы мақсатта іргелес елден арнайы делегация келді. Оның құрамына жоғары санатты инженер-саперлер, Ресей федерациясы қарулы күштерінің зымыран-артиллериялық бөлімше мамандары енді, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы. 

Мамандар жағдайды сараптап, әрі залалсыздындыру барысы жайында ой өрбітті. 

«Қоймада сақталған оқ-дәрі көлеміне қарап, мұнда жұмыс істеген мамандардың, өрт сөндірушілердің, әскерилердің дер кезінде қимылдағынын байқауға болады. Егер олар сәл кешіккенде немесе мүлт кеткенде апат бұдан да алапат болар еді. Халықты одан да орасан шығынға батырар еді»,– дейді РФҚМ сарапшысы Алексей Зотов.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары