$ 494.87  520.65  4.91

«Алматыға бомба тастау керек!»: ақын бактериологиялық қару шығаратын зертханаға қатысты пікір білдірді

Оның ойынша, АҚШ-тың бактериологиялық қарудың бір мемлекетті жойып жіберетіндей күші бар екен.

Жақында Ресейдің «Соловьевтің кеші» атты телешоуында Алматыны жойып жіберуге болатыны туралы айтқан еді. Телешоудағы сандырақты Жириновский, Ресейдің сыртқы істер министірінің орынбасары Сергей Рябков та қолдаған болатын.

Осы тұрғыда ақын, қоғам қайраткері Қуаныш Мұқтай АҚШ-тың зертханасы Алматыда салынғанына наразылығын білдірді, деп жазады Sn.kz ақпараттық порталы. Бұл туралы ол өзінің Facebook-парақшасында жазба қалдырды.

Оның ойынша, АҚШ-тың бактериологиялық қарудың бір мемлекетті жойып жіберетіндей күші бар екен. Оған дәлел «менің туған қалам Алматыны ертерек жарып жіберсек, ол соғұрлым бізге қауіпсіз болады» деген Жироновскийдің сөзі екенін атап өтті.

«Ресей ғалымдар академиясының медицина ғылымының докторы Генадий Онищенконың айтуы бойынша Алматыдағы бактериологиялық лаборатория жер бетіндегі тіршілік иелеріне өте қауіпті. Ал саяси клоун Жириновскийдің «Атом бомбасын бірден жарып жіберуге болады, химиялық қаруды залалсыздандыратын құрал бар, ал бактериологиялық қару дегеніміз көзге көрінбейтін тірі зат. Мысалы бір қаланы құртып жібермек түгілі, бүкіл әлемді қыру үшін бактериологиялық қарудың бір құты масасы, не құрт-құмырсқасы жетіп жатыр. Он адамға жұққан қатерлі дерт сол бетте мыңдаған адамға жайылады, одан әрі миллиондаған адамдар масаның шаққанынан масаша қырылады» дегені шындыққа өте сәйкес келеді» - деп жазды ол.

Қуаныш Мұқтай Тұңғыш Елбасымыздың қолдауымен салынған зертхана қазақ ұлтына үлкен қасірет әкелетінін айтты. Бұл тарапта бүкіл әлем  жойылып, Ресей ғана аман қалады екен. 

Осы жазбада ол Қытайдан келіп жатқан дәрі-дәрмектердің де қазақты құртуға жасалып жатқан әрекет екенін айтты.

«Және де айта кетейін дегенім, Қазақстанға Қытайдан ағылып келіп жатқан дәрі-дәрмектер мен азық-түліктерінің құрамында қандай қатерлі бактериологиялық штамм бар, біз оны әлі білмей отырмыз» - деп жантүршігерлік дәлелдемемен бөлісті.

Ақын әр шыққан сыбыстың артында шындық жатқанын айтып, халықты ес жиюға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары